ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы ету үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын eGov бұрыштары жұмыс істейді. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.

Сондай eGov бұрышы Талдықорған агро-техникалық колледжінде де жұмыс істейді. Колледжінде ғимаратында орналасқан eGov бұрышында өз бетінше виртуалды көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильді базасында тіркелуге болады. Егер портал қызметі бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің кеңесін ала алады.