ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Үлгерімді ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі

 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

N 125 бұйрығымен

бекітілген

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,

аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі 

04.11.201313.01.2014Жаңартылған

  1. Негізгі ережелер
  2. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды

аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен

ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімненкейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.

  1. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:

1) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін

жүйелі тексеруі;

2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

4) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау - техникалық және кәсіпті, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберінде жұмысты орындау бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестік дәрежесін анықтау мақсатында сертификаттау жөніндегі орган өткізетін рәсім;

5) сертификаттау жөніндегі орган – сәйкестікті растау және кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау қорытындылары бойынша сертификат беру рәсімін ұйымдастыру үшін

белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;

6) біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдары бітірушісінің кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк деңгейін

анықтау үшін құрылатын алқалық орган. 

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.08.2013 № 360 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  1. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу
  1. Ағымдағы бақылау пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау

жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады.

Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке

тапсырмалар бойынша өткізіледі.

  1. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті

бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге

асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік (циклдік)

комиссиясы анықтайды.

  1. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие

процесінің кестесіне енгізіледі.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім

алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына

сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және

емтихандар нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды)

қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән

бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді

қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін

орындалады.

  1. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша

емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге

ауысқан пәндер бойынша өткізіледі.

Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және

"қанағаттанарлықсыз") курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік тәжірибе бойынша, сондай-ақ

тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.

  1. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің оқу жұмыс

жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.

  1. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген

жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.

  1. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:

- емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;

- емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама

сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;

- оқу және технологогиялық карталар;

- спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;

- емтихан ведомосы дайын болуы қажет.

  1. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр

бойы (жарты жылдық) сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының

тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге

асырады.

  1. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік

және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән

бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы

бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.

Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы

басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса,

педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.

  1. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды

орындау үшін:

әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес;

жазбаша емтиханды өткізуге:

1) әдебиет (шығарма) бойынша 4 академиялық сағат;

2) математика және арнайы пәндер бойынша 3 академиялық сағат;

3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 2 академиялық сағат;

4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 1 академиялық сағат.

Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны

қойылған қағаздарда орындалады.

  1. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер

бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық, кафедралық

комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір

академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.

  1. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық

және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі,

әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен

пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың

қатысуына болмайды.

  1. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық

аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.

  1. Емтихан тапсыру, сонымен бірге курстық жобаларды қорғау кезіндегі білім

алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5 -

"өте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").

  1. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды

қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.

Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген

мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе ол

оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға

тапсыруға болады).

  1. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз

деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық

және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған

белгіленген үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.

  1. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық

аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар

келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы

басшысының бұйрығымен көшіріледі.

  1. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды

курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.

  1. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық, есептікграфикалық

және курстық жұмыстарды (жобалар), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға

тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен

бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.

  1. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім

алушыларды қорытынды аттестаттау:

1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;

2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.

23-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім

алушыларды қорытынды аттестаттауды оқу орны білім алушылардың тиісті мамандықтар

бойынша білім беру бағдарламаларын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізеді.

Ескерту. Ереже 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің

29.08.2013 № 360 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  1. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін

білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен аттестаттау емтихан комиссиясы құрылады.

Аттестаттау емтихан комиссиясының құрамы кәсіпорындардың жоғары білікті

мамандары, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi және оқу орнын

басқарудың алқалық органдарының, жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің

арақатынасында құрылады.

Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.08.2013 №

360 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң

қолданысқа енгiзiледi).

  1. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды

өткізуге бір ай қалғанда құрылады.

  1. Комиссия:

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық

даярлық деңгейінің сәйкестігін;

білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен

біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік

және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын

анықтайды.

  1. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім

алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

  1. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:

мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарты;

кәсіптік лицей, колледж басшыларының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға

жіберу туралы бұйрығы;

білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;

оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің

жиынтығы мен мәселелер тізбесі;

білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау

мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім

алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан

тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.

Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес

бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан

нысанында өткізіледі.

Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі

комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан

аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама

жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.

Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы

керек.

  1. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде

"қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды

аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды

аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды

қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.

Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға

немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.

  1. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде

"қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу

курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

  1. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны

(жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар

белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру

ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.

  1. Аттестаттау емтихан комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған

комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім

алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау емтихан комиссиясы

отырысының хаттамасынан үзінділер сертификаттау жөніндегі органға беріледі.

Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.08.2013 №

360 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң

қолданысқа енгiзiледi).

34-1. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру - білім туралы

мемлекеттік үлгідегі құжат беру үшін қажетті шарт болып табылатын, техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды

аттестаттаудың бөлігі.

Бітірушілердің кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді

ұйымдастыру үшін сертификаттау жөніндегі орган біліктілік комиссиясын құрады.

Біліктілік комиссиясының төрағасы кәсіпорын және жұмыс берушілер

қауымдастықтары қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының

өңірлік палаталарының және филиалдарының (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда)

келісімі бойынша, ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында Қазақстан

Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (автономды білім беру ұйымдарын

қоспағанда, 3 реттен аспайтын) келісімімен тағайындалады. Біліктілік комиссиясының

құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары

мен филиалдары өкілдерінің келісімі бойынша (дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда)

жұмыс берушілер өкілдерінен 75% және 25%-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен

кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінен арақатынасында кәсіпорындардың өкілдері,

арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк

техникасы жөнiндегi органдардың өкiлдерi кіреді.

Ескерту. Ереже 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің

29.08.2013 № 360 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  1. Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы №

281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012

жылғы 17 маусымдағы № 7796 тіркелген) бекітілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау

және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша

біліктілікті беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.08.2013 №

360 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң

қолданысқа енгiзiледi).

  1. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы"

деген бағамен, ал қалған пәндерді - "жақсы" деген бағамен тапсырған, және дипломдық

жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом

беріледі.

  1. Біліктілігін көрсете отырып диплом беру туралы техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау

жөніндегі комиссияның шешімі арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және

(немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері, сондай-ақ кәсіби даярлығының

деңгейін бағалаудың және біліктілікті берудің негізінде қабылданады.

Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының

мұрағатында сақталады.

  1. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен

аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.

  1. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім

алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың

емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім

алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың

даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

  1. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия

жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.