ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Көркем өнерпаздар үйірмесі

Көркем өнерпаздар

үйірмесінің жетекшісі:                                  Науаев Нурлан Сағатұлы

 

Мақсаты: Студенттердің бойындағы талантын жан-жақты ашу, кәсіби тұрғыда өсуіне көмек көрсету. Жастардың мәдени, рухани қалыптасуына, әдебиетке, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыра отыра, жалпы адами асыл қасиеттерді бойына сіңіру, топ алдында өзінің ойын дұрыс жинақтап жеткізе білу, актерлік шеберлігін шыңдау, тіл байлығын молайту, дұрыс және анық сөйлеу, сахнада өзін-өзі еркін ұстай білуге үйрету және пластикасын дамыту.


Студенттердің сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалануға баулу.Поэзияға, әдебиетке, өнерге  жақын студенттерді көркемсөз оқу шеберлігіне, мәнерлеп оқуға үйрету. Көркемсөз оқу және әртүрлі тақырыпта, ақындық қабілеті бар студенттер арасында байқаулар ұйымдастырып өткізу. Танымал ақындардың шығармашылығына байланысты кездесулер, еске алу кештерін және бүгінгі күнде қалам тартып жүрген жас ақындардың шығармашылығымен танысып, кездесу кештерін ұйымдастыру.Би үйірмесінде студенттер әртүрлі халықтардың ұлттық билерімен, музыкасымен, жан дүниесімен, мінез құлқымен, салт-дәстүрімен жақын танысады.Би адам мүсінінің әсем қалыптасуына, әдемі қозғалуына, жинақы, тартымды болуына, пластикасын дамытуға  көмектеседі.


Би үйірмесінде қазіргі заман билері, классикалық бал билері үйретіледі. Университет аясында өткізілетін  барлық мерекелік шараларда, концерттік бағдарламаларда өнер көрсетеді. Қалалық, аудандық байқауларға қатыстырылады. Музыкалық аспапта ойнай алатын және қабілеті бар студенттерді аспапта ойнауын дамыта отыра, ансамбльдің құрамына қосу. Белгілі қазақ күйшілері мен композиторларының шығармашылығымен және ұлттық аспаптар тарихымен таныстыру.  Қалалық, аудандық байқауларға қатыстыру.


Міндеттер:

  • Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;
  • Талғам мәдениетін жоғарғы деңгейде қалыптастыру;
  • Отбасылық мәдениетті , салауаттылықты қалыптастыру;
  • Рухани – адамгершілікті, этномәдениет, ұлтаралық қатынас пен толеранттылық мәдениеттілікке баулу;
  • Студенттерді толеранттылық құндылықтар келісімділікпен ұлт аралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
  • Сыни ойлау дағдысы мен мәдени өмір салтына тәрбиелеу.