ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Қашықтықтан оқыту

Құрметті студенттер!

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің, педагогтарының, басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде covid - 19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі-коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 қаулысының негізінде 2020 жылдың 16 наурызынан бастап колледж онлайн режимінде бекітілген кесте бойынша қашықтан оқыту нысаны элементтерімен Classroom.google.com, WhatsApp,Telegram мессенджерлері және ZOOM (телеконференция, онлайн сабақтар) көмегімен қашықтан оқытуға көшеді. Оқыту механизмі мен сабақ кестесіндегі өзгерістер туралы барлық өзекті және қосымша ақпараттарды "мессенджер WhatsApp" оқу топтарының чаттарына жіберілетін болады. Білім алушылар мен оқытушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі біздің басты басымдылығымыз болып табылатындықтан, колледж басшылығы өз кезегінде, әлемдегі және елдегі жағдайды мұқият қадағалап отырады.

Құрметті Талдықорған агро-техникалық колледж ұжымы және студенттер өз денсаулықтарыңызды қадағалаңыздар және барлық гигиена ережелерін сақтаңыздар!