ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Директор блогына қош келдіңіз

 

«Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», – деп Елбасымыз тегін айтпаса керек.

Осы орайда, Талдықорған агротехникалық колледжі – тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан киелі білім ордаларының бірі. Бүгінгі таңда колледж ұжымы оқу-тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлау жолында оқытудың дуалдық жүйесін негізге ала отырып еңбек етуде.

Өз тарихында 40 мыңнан астам орта буынды түлектерді қанаттандырған киелі қара шаңырақ – Талдықорған агротехникалық колледжінің (Талдықорған зоотехникалық-малдәрігерлік техникумы) тағымды бар.

Білім бұлағының бастауы тым тереңде. Алғаш рет 1944 жылы ашылған Алматы облысы Кеген ауданы Кеген малшаруашылық және Байсерке станциясындағы Алматы агротехникалық біржылдық мектептері атаулы білім ордасының бастауы болды. Соғыс жылдарындағы қиын жағдайлардың салдарынан ауылшаруашылық мамандарына болған тапшылық атаулы мектептердің ашылуына себеп болды. Соғыс аяқталған соң күйреген шаруашылықтың аяғына тік тұруына атсалысу мақсатында мектеп мамандарын даярлауды тоқтатпай, ауқымын кеңейте түсті. 1952 жылы мектеп техникум дәрежесін алып, 1955 жылы Талдықорған қаласына көшіп келді.

Колледжде бүгінгі таңда 106 оқытушы, 1200 аса студентке білім беруде. Студенттердің біліктілігі жоғары, білімі терең маман етіп шығаруда маңызды саналатын білім ордасының материалдық-техникалық базасы да заман талабына сай жабдықталған. Колледжде екі оқу ғимараты, 39 кабинет, 15 лаборатория, үш оқу өндірістік цехы: «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Ет және ет өнімдерінің өндірісі», «Нан, макарон және кондитер өндіріс» және де «Автоматтандыру құрылғылары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» шеберханасы, ветеринарлық клиника, 410 орындық жатақхана, акт залы, тарихи және анатомиялық мұражайы, стадион, спортзал, 60 орындық буфет, жаңа буын компьютерлерімен жабдықталған 15 кабинет, интерактивті тақта орналасқан 23 кабинет, 14 мультипроекторлы, мультимедиялық сандық көтерме LCD кабинет, «Кабис» бағдарламасынаенгізілген, 60 мың оқулық, оқу залы электрондыкітаптар қорымен жәнеинтернет жүйесімен қамтылған кітапхана жұмыс істейді. Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамның бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Әлбетте, өз ісінің нағыз маманы атану үшін ең алдымен мамандығыңызға деген қызығушылық керек. Осы тұрғыдан келгенде, колледжіміз «Ветеринария», «Экология және табиғатты қорғау қызметі», «Есеп және аудит», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйе», «Радиоэлектроника және байланыс», «Сүт тағамдарының өндірісі», «Нан, макарон және кондитер өндірістері», «Ет және ет тағамдарының өндірісі»,
«Экономика», «Қаржы» мамандықтары бойынша бүгінгі уақыт талабына сай ақпаратты-коммуникативті технологияларды еркін меңгере алатын мамандар дайындауда.

Білім беру ісімен бірге ұлттық тәрбиені ғылыми-ізденіс шығармашылық жұмыстармен ұштастыра отырып, колледжде белсенді, білімді ұстаздар мен жастардан құралған «Мамандығым-ветеринар», «Болашақ экономист», «Бал қаймақ», «Лакомка», «Жас бағдарламашы», «Жастар рухани орталығы», «Жасыл Ел», «Жас Отан», «Дарабоз» пікірсайыс клубы, «Жас қалам» шығармашылық ұйымы, ұлт аспаптар ансамблі,
«Қыздар-ай» би ансамблі, «Жаңа зоовет» көңілді тапқырлар клубы, «Теңбіл доп», «Ұшқын», «Қажымұқан» спорттық секциялары жұмыс жасайды.

Білім беру мен білімгерлердің жеке тұлғалық жетілуін жан-жақтылы жетілдіріп отырған колледждің қол жеткізген жетістіктері де көңіл қуантады. Осындай келешегі кемел колледж түлектерін бүгін нарық заманына сай, нақты шешімдерді қабылдай алатын, ақпараттық кеңістікке бейімделген, үнемі ізденіс үстіндегі белсенді тұлға деп санауға лайық.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӨСУ, Реформалар, Даму» атты халыққа Жолдауы негізінде, Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары –«Қазақстан – 2050» стратегиясының қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, білім беруді дамыған елдердің сапалы білім беру жүйесінің қатарына қосу мақсатында колледж ұжымы Қазақ Елінің – Мәңгілік Ел болып қалуы үшін, Тәуелсіздігімізді сақтап, келешегі кемел ел болу мақсатында білімгерлерге саналы да сапалы білім беріп, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеудеміз.

Осынау 70 жыл көлемінде колледжіміздің алған белестері ұшан-теңіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, тағылымы терең тарихы бар колледж ұжымы еліміздің экономикасын көтеру зор үлес қосып, білімді де білікті, егемен еліміздің еңсесін биіктететін мамандар дайындап, сындарлы білім ордасына айналды

 

                                                                                                                            Абыканова С.К

                                                                                                                            Колледж директоры

 

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку
Молдир:
13:52, 06.12.2018
По каким специальностям ведётся обучение в колледже?
Олжас:
13:58, 06.12.2018
Предоставляется ли общежитие на время обучения?
Ильяс:
14:34, 06.12.2018
Сіздің колледждарыңызға 8 және 10 сыныптан кейін түсуге болама?
Мансур:
11:20, 07.12.2018
Предоставляет ли колледж обшежитие ?
Ислам:
11:24, 07.12.2018
Дает ли колледж отсрочку от армии ?
Назерке:
11:27, 07.12.2018
Как организована работа приемной комиссии ?
Назерке:
11:31, 07.12.2018
Обучения у вас на коммерческой основе ? Есть ли места на бюджете ?
Эльфира:
11:37, 07.12.2018
Что вы можете сказать о трудоустройстве выпускников ?