ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Әдістемелік кабинет

ТАТК ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕСІ:

 

«Оқу тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы, бәсекеге қабілетті кәсіби маман дайындау»

 

Колледж миссиясы:

Біз аймағымыз бен еліміздің индустриялық дамуына, білім берудің инновациялық тәсілі негізінде бәсекеге қабілетті агротехикалық бейіннің маманын дайындауда қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы білім беру қызметін ұсынатын колледжбіз

 

Колледждің стратегиялық мақсаты:

Бәсекеге қабілетті кәсіби біліктілігі қалыптасқан жеке тұлға дайындауда колледждің ғылыми-әдістемелік қызметін жандандыру арқылы педагогтардың кәсіби құзіретін арттыру

 

Колледждің негізгі міндеттері:

Білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
Педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету;
Жаңаша білім беру мазмұнымен қаруланған, нақты педагогикалық іс-әрекет жүргізуге икемді, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші оқытушыны қалыптастыру.
Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңалықтарды оқытушыларға жеткізу, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.
Білім беру технологиясын оқып үйрену, меңгеру арқылы оқытушының кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқыту мен тәрбие үрдісінде жаңа жолдар табуға міндеттеу.

 

Колледждің атқаратын жұмыстарының күтілетін нәтижесі:

Оқытудың инновациялық және ақпараттық – коммуникативтік технологияларын қолдану арқылы білім сапасының көтерілуі;
Білім берудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, жан-жақты құзіретті педагогтың қалыптасуы;
Нәтижеге бағытталған жұмыс негізінде педагогикалық ұжымның ғылыми –әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру.

 

Инженер-педагогтарының кәсіби қызметінің нәтижесі

2017-2018 оқу жылы:

- 2017 жылдың қазан айында арнайы пән оқытушысы Тұрсынбек Серік ҚР Білім ғылым министрі Е.Сағадиевтің қолынан «2017 жылдың үздік педагогі» атағын алды.


- Арнайы пән оқытушысы Г.Б.Омарова облыстық әдістемелік кабинет ұйымдастырған «Білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тұжырымдамалық негізі – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың факторы» атты сырттай Алтын диск байқауына қатысып, нәтижесінде ІІІ орынды иеленді.


- «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ «Қапланбек аграрлық-техникалық колледжі» РОӘБ ұйымдастырған Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Ветеринария және зоотехния мамандықтары бойынша оқытушылары мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында республикалық байқауда «Сабаққа арналған ең үздік презентация» иегері Г.М.Мұхамадиева ІІ дәрежелі дипломмен, «Сабаққа арналған ең үздік презентация» иегері А.Т.Сыдықова ІІІ дәрежелі дипломмен, ««Ветеринария және зоотехния» мамандарын даярлаудағы ең үздік бейне сабақ» иегері А.И.Казанкапова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Өзге де қатысқан мамандар Тұрсынбек Серік, Сазанбаева С.А. Хасен Әйгерім, Қожағұлов К.А., Имангалиева А.Б. сертификаттарға ие болды;


- «Алматы облысы білім басқармасы» ММ «Әдістемелік кабинеті» МКҚК ұйымдастырған облыстық «Замануи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалінде І орынды иеленген С.А.Сазанбаева марапатталды.
- «Алматы облысы білім басқармасы» ММ «Әдістемелік кабинеті» МКҚК ұйымдастырған «Білім беру қызметкрлерінің кәсіби өсуі – жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбында өткен облыстық облыстық педагогикалық оқуларда жүлделі І орынды арнайы пән оқытушысы Г.М.Иманбаева иеленді.


- «Қазіргі білім беру: әдістеме, технология, сапа» атты ІІІ халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында І дәрежелі дипломмен арнайы пән оқытушысы А.Б.Иманғалиева, ІІ дәрежелі дипломмен арнайы пән оқытушысы С.С.Таменовалар марапатталды.
- «EUROPEAN RESEARCH» ХІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда І дәрежелі дипломмен физика-информатика пәнінің оқытушысы Р.С.Матакбаева марапатталды.


- 2018 жыл, Арнайы пән оқытушысы Ж.Ж.Джумабекованың жетекшілігімен «Білімді жастар - ел болашағы» облыстық олимпиадасында «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Карыбаева Мадина ІІ-орын иеленді;


- 2018 жыл, Арнайы пән оқытушысы Ф.А.Шыңғысбаеваның жетекшілігімен «Білімді жастар - ел болашағы» облыстық олимпиадасында «Қаржы» мамандығы бойынша Әділбекқызы Жазира ІІ-орын иеленді;


- 2018 жыл, Арнайы пән оқытушысы Г.М.Иманбаева Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдары арасында насихаттау мақсатында өткен «Рухани жаңғырудың білім беру саласындағы өзектілігі» атты республикалық байқауында «Үздік ғылыми жоба» номинациясына ие болды;


- 2018 жыл, Колледж оқытушылары Г.М.Иманбаева, Г.Б.Омарова, Ф.А.Шыңғысбаева «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВАЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» тақырыбында студенттер арасында Республикалық ғылыми-теориялық конференциясында студенті жоғары жетістікке қол жеткізіп, белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды;


- 2018 жыл, Арнайы пән оқытушысы Г.С.Токенованың жетекшілігімен Алматы қаласында өткен «WorldSkils Kazakstan» жұмысшы мамандықтар арасында кәсіби шеберліктің аймақ аралық чемпионатында Құжабеков Самат ІІ-дәрежелі дипломға иеленді;


- 2018 жыл, арнайы пән оқытушысы Матакбаева Рыскуль Серікмуратқызы «EUROPEAN RESEARCH» XIII ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып І-дәрежелі дипломға иеленді.


2017-2018 оқу жылы бойынша колледж оқытушыларының біліктілік санаты жайлы мәлімет

 

Барлық оқытушы саны

102

Жоғары санаттағы оқытушылар саны

32

Бірінші санаттағы оқытушылар саны

26

Екінші санаттағы оқытушылар саны

23

Санаты жоқ оқытушылар саны

21

 

2017-2018 оқу жылына біліктілікті жоғарылату курсынан өткен ИПҚ саны

 

Оқу жылы

20017-2018 оқу жылы

Барлық ИПҚ саны

104

Біліктіліктерін жоғарылатқандар саны (%)

54/51%

 

Колледждің ИПҚ түрлі деңгейдегі біліктіліктерін артыру жайлы мәліметтер 

 

Курстардағы біліктілікті жоғарылату

Барлығы

оқу жылы

деңгей

 

халықаралық

республикалық

облыстық

қалалық

 

2017-2018

1

-

53

 -

54

 

Қазақстан Республикасының КҒА Облыстық және Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы Талдықорған агротехникалық колледжі студенттерінің және ғылыми жетекшілерінің нәтижелері.

2018 жылы 1 наурызында өткен ҚР Кіші ғылым Академиясының XXVII Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып жүлделі орындарға ие болған студенттер мен ғылыми жетекшілер:

 

І-орын

ІІ-орын

ІІІ-орын

Сүлеймен Аружан, ІІ-курс

Секция – «Экономика»

Ғылыми жетекшісі: Г.Б.Омарова

Серікұлы Сұлтанбибарыс, 1-курс

Секция – «Биомедицина»

Ғылыми жетекшісі: Имандинова А.А.

 

Бидахметов Әділ, ІІ-курс

Секция – «Орыс тілі»

Ғылыми жетекшісі: С.А.Ишмухамедова

 

2018 жылы 12 мамырда Алматы қаласында өткен  ҚР Кіші ғылымы Академиясысының 44-ші Республикалық  ғылыми –практикалық конференцияға  қатысып жүлделі орындарға ие болған студенттер мен  ғылыми жетекшілер:

 

І-орын

ІІ-орын

ІІІ-орын

1. Серікұлы Сұлтанбибарыс, ІІ-курс

Секция – «Биология»

Ғылыми жетекшісі: Имандинова А.А.

2. Сүлеймен Аружан, ІІ-курс

Секция – «Экономика»

Ғылыми жетекшісі: Г.Б.Омарова

 

 

 

 

Ұжымның жоғары деңгейлі тәжірибесі әдістемелік бөлімде жинақталған. Әдістемелік қызмет- педагогикалық ұжымдағы үздіксіз білім берудің маңызды жүйесі болып табылады. Колледж оқытушылары оқу-тәрбие үрдісіне терең мақсатталған инновациялық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, әдістерді бейімделуде.


Оқытушылар замануи талаптарға сай біліктіліктерін үнемі артырып отырады (Біліктілікті арттыру Институті, НЦПК «Өрлеу», Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша Халықаралық жоба аясындағы сырттай оқулар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша).

 

 

 

Оқытушылардың түрлі деңгейдегі конференциялармен семинарларға қатысуы – шығармашылық белсенділігін дәлелдейді


Қазақстан жаңғырту 3.0 – білімнің үлесі», түрлі деңгейдегі психологиялық тренингтер Әдістемелік, психологиялық талаптар орындалды. Оқытушының жоғары кәсіби деңгейі белгіленген. Сабақтын барлық кезеңдерінде педагогикалық ынтымақтастық технологиясы, проблемалық оқыту, ойын элементтері технологиялар, иммитациялық оқыту технологиясы, ақыл-ой іс-қимыл кезең-кезеңмен қалыптастыру, компьютерлік технологиялар қолданылды. Сабақта пәнаралық байланыс, студенттермен кері байланыс: көрме, эссе, өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау, интернет ресурстарын қолдану арқылы нәтижесі шығарылды. Студенттер болашақ кәсіби қызметін (медициналық ұйымдардың терапиялық, хирургиялық, балалар бөлімшелерінде жұмысын, емханада медбикелер жұмысын) ағылшын тілін білу арқылы көрсете білді.