ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

«Математика және жаратылыстану» пәндер циклдік комиссиясы

 

«Математика және жаратылыстану» пәндер циклдік комиссиясы меңгерушісі:

Білімі - жоғары:

- І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институты, физика және математика факультеті, біліктілігі - математика және физика пәнінің оқытушысы, 1992 ж.

 

Санаты:

-Жоғары санатты математика пәнінің оқытушысы. №120  6 маусым 2016ж.

Мемлекеттік марапаттар, мадақтаулар (грамоталар және т.б.):

 

-«Құрмет грамотасы»-І.Жансүгіров атындағы ЖМУ кәсіподақ ұйымы. 2013ж.

-Грамота- ҚР Кіші ғылым академиясы, 2013ж.

-«ІІ дәрежелі диплом»- «Алматы облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  «Әдістемелік кабинеті»,2014ж.

-«ІІІ дәрежелі диплом» - «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы,2015ж.

-«Ұлағатты ұстаз» -төс белгі, ҚР «Өрлеу» білім-ғылым технология интернет порталы, 2016ж.

-«Құрмет грамотасы»- ҚР КҒА, 2016ж.

 

«Математика және жаратылыстану» пәндер циклдік комиссиясының мақсаты:

 -Оқытудың интерактивті әдістерін сабақта қолдана отырып, студенттердің өз бетінше іздену қабілеттерін дамыту.

 

Міндеті:

-Жаңаша білім беру мазмұны мен қаруланған, нақты педагогикалық іс-әрекет жүргізуге икемді, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші оқытушыны қалыптастыру;

-Оқу тәрбие үрдісіндегі жаңалықтарды оқытушыларға жеткізу, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау;

-білім беру технологиясын оқып, үйрену, меңгеру арқылы оқытушының кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқыту мен тәрбие үрдісінде жаңа жолдар табуға міндеттеу.

 

 

Кафедра құрамы:

1.Шаймолданова Сағдат Құмарқызы - Жоғары санатты,  №141, 31.08.2017ж. физика және астрономия пәнінің оқытушысы

2.Матақбаева Рыскул Серікмұратқызы - Жоғары саннатты , № 139  06.06.2016ж физика, информатика пәндерінің оқытушысы

  1. Имандинова Алтын Алмуханқызы - Жоғарғы санатты, №75 28.06.2013ж. биология пәнінің оқытушысы

4.Талданбаева Мейрамгүль Нургазина – Бірінші санатты №  23.05.2018ж,  математика пәнінің оқытушысы

  1. Бетимбаева Айжан Самуджанқызы - Екінші санатты №55 19.05.2016ж. математика пәнінің оқытушысы
  2. Смагулова Жұлдыз Елтайқызы – Жалпы санатты , физика пәнінің оқытушысы

7.Сембекова Балжан Ерланқызы – Жалпы санатты, арнайы пән оқытушысы

8.Койшинова Айгүл Аятқызы – Жалпы санатты, арнайы пән оқытушысы

9.Ибрайымов Жалгасбек Мухтарұлы – Жалпы санатты, биология пәнінің оқытушысы

  1. Маншамбаева Аида Ахатовна – Жалпы санатты, арнайы пән оқытушысы

«Математика және жаратылыстану» пәндер циклдік комиссиясында білім беру үрдісін жоспарлап ұйымдастыруда инновациялық білім беру тәсілдерін ақпараттық технологиямен байланыстыра білім беру жан жақты қарастырылып, әдістемелік қызмет жұмысын жоспарлауда ұтымдылығына аса мән беріліп, жұмыстар жүргізілуде.

 

Математика және жаратылыстану пәндер кафедрасы оқытушылары төмендегідей жетістіктерге жетті:

-Математика пәнінің оқытушысы Ержигитова М.Т Білім беру саласында айырықша еңбегі үшін «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен марапатталды.

- ҚР Кіші Ғылым академиясының 44-ші республикалық ғылыми  - тәжірибелік конференциясында биология пәні оқытушысы А.А.Имандинованың жетекшілігімен 251 топ студенті Серікұлы Сұлтанбибарыс І орын иеленді.

-«Үздік ашық сабақ» атты республикалық оқытушылар сайысында ІІорынға Шаймолданова С.Қ ие болды.

- Алматы облысының әдістемелік  кабинетінің І дәрежелі дипломымен Талданбаева М.Н марапатталды.

-"Білім және жаңа инновациялар орталығы" алғыс хатымен Матақбаева Р.С марапатталды.

- Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция, Алматы облыстық білім басқармасының сертификатымен Бетимбаева А.С марапатталды.

- «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысушысы сертификатымен Смагулова Ж.Е. марапатталды.

- Экология мамандығының арнайы пән оқытушысы Сембекова Б.Е. София қаласында өткен халықаралық ғылыми конференцияда сертификат иеленді.

- Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының Алматы облысының бойынша ІV аймақтық ғылыми тәжірибелік конференциясының алғыс хатын Койшинова А.А иеленді.

- Биология пәні оқытушысы Ибрайымов Ж.М.  Аймақтық Кіші Ғылым академиясының ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Математика және жаратылыстану » пәндер кафедрасының сандық-сапалық көрсеткіші:

 үлгерімі-100%;  орта балы-4.5; сапасы-95%      

 

 

Кафедра құрамында «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы 2013жылдан бастап ашылды. Талдықорған агротехникалық колледжінде «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы  №13016699  24.10.2013 жылғы лицензия негізінде жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 273 од «03»06.2008 жылғы бұйрығымен бекітілген, №186-од «01» 07.2017 ж техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеушісіне сәйкес, 1509000  –  «Экология және табиғатты қорғау қызметі»  мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру түрі – күндізгі және сырттай болып табылады.

Біліктілігі:1509023 – «Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының технигі» біліктіліктеріне күндізгі оқу бөлімінде 2014-2017 оқу жылдары аралығында – 87 түлек шығарылып, олардың ішінде 40% жұмыспен қамтылды.

Оқу мерзімі:

-жалпы орта білім базасында - 3 жыл 10 ай;

-негізгі орта білім базасында - 3 жыл 10 ай;

Сырттай білім базасында:

-жалпы орта білім базасында-2 жыл 10 ай;

Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығының студенттері ғылыми-ізденіс жұмыстары бойынша әртүрлі байқауларға қатысып отырады.  Ақтөбедегі Халықаралық Экология және Инженерия Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық Олимпиадасына Оразбай Ерғалым мен Медетханова Дина қатысып «Қаңғыбас иттердің қоршаған ортаға тигізетін зияны және оның алдын алу», «Қаратал өзенінің экологиялық жағдайы» ғылыми жобаларын қорғап, арнайы пән оқытушысы Нұрханов Берікхан Халықаралық ғылым Академиясының мүшесі,Қ.И. Сатпаев орден иегерінің жетекшілігімен   қорғап, арнайы дипломмен марапатталды.

Кіші ғылым академиясының ұйымдастырылуымен ғылыми-практикалық конференцияда Б.Е. Сембекованың жетекшілігімен «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығы 391 топ студентті Ботабаева Лаура ««МҰТБ»Жоңғар Алатауының сиверс алмасына сипаттама», Қойшинова А.А. жетекшілігімен 191 топ студенті Телубек Адэль «Озон қабатының жұқаруы» тақырыптарында ғылыми жұмыстар қорғалып, алғыс хатпен марапатталды.

 

 491 топ студенті Медетханова Дина «Табиғатты аялайық!» моделін қорғауда

 

Болат Исламның «Көшбасшы – 2017» жастар сыйлығының «Үздік студент» номинациясын алу сәті

 

  • Қала күніне орай ұйымдастырылған Талдықорған агро-техникалық колледжінің мамандықтарды таныстыру аясында «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандықтарының шығармашылық жұмыстары «Табиғатты аялайық» моделін, 291 топ студенті Ботабаева Лаура ұсынып, өз мамандықтарын таныстырып өтті.
  • «Көшбасшы – 2017» жастар сыйлығының «Үздік студент» номинациясын Талдықорған Агро-техникалық колледжінің «Экология және табиғатты қорғау қызметі» мамандығының 3 курс студенті Болат Ислам Ермекұлы марапатталды.