ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Ақпараттық жүйелер пәндік-циклдық коммиссиясы

 

ПЦК төрайымы: Токенова Гульнар Сағидоллинқызы


ПЦК-ның әдістемелік мәселесі:

Болашақ мамандарды даярлауда білім сапасын жоғарылату және олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру үшін тәжірибеге бағдарланған білім беру ортасын құру 


М і н д е ттер і:

  • Жаңаша білім беру мазмұнымен қаруланған, нақты педагогикалық іс-әрекет жүргізуге икемді, ізденушілікпен жұмыс істейтін зерттеуші оқытушыны қалыптастыру.
  • Білім беру технологиясын оқып үйрену, меңгеру арқылы оқытушының кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқыту мен тәрбие үрдісінде жаңа жолдар табуға міндеттеу.

 

 

ПЦК  құрылымы

 

Оқытушы, лауазымы

Әдістемелік мәселесі

Еңбек өтілі, санаты  

Білімі

Токенова Гульнара Сағидоллақызы, ПЦК меңгерушісі

Инновациялық технологияларды қолдана отырып, студенттердің кәсіби – шығармашылық қабілеттерін дамыту

23 жыл, жоғары санат   

жоғары,

1) Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, физика пәнінің мұғалімі, тәрбие әдіскері

2) Қостанай мемлекеттік университеті, инженер – прораммист  

Джумабекова Жанар Жунусқызы, арнайы пәндер оқытушысы

Оқу-тәрбие үрдісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді  қолдану арқылы студенттердің кәсіби шығармашылық қабілетін дамыту

10 жыл, 2 санат

жоғары, Қазақ Ұлттық техникалық университеті,  Системотехника  инженері

Нурбекова Айнұр Қайратқызы, арнайы пәндер оқытушысы

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін пайдалана отырып, студенттің  танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту

9 жыл, 1 санат

жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ,  Ақпарттық жүйелер бакалавры

Бекмурзина Салтанат Қадырқызы, информатика пәнінің оқытушысы

 

Оқытудың белсенді түрлерінде ақпараттық технологияны қолдана отырып, студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту

11 жыл, 1 санат

жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті,  физика және информатика пәнінің мұғалімі

Кылышбаева Лаура                                 

Жармухаметқызы, информатика пәнінің оқытушысы

Информатиканы оқытуда жаңа  технологияларды қолдана отырып, студенттердің кәсіби деңгейін арттыру

14 жыл, 1 санат

жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Информатика мұғалімі

Омарова Гуль Батырханқызы

Информатиканы оқытуда ақпараттық технологияларды күнделікті сабақта пайдалана отырып, студенттердің кәсіби шығармашылық қабілетін дамыту

6 жыл, 2 санат

І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогика институты, Физика және информатика мұғалімі

 

Ақпараттық жүйелер ПЦК-да жыл сайын онкүндік өткізіліп тұрады

 

Оқытушы Омарова Г.Б.  «Информатика» пәнінен «Ms Word- та құжаттарды құру және  форматтау. Кестемен жұмыс» тақырыбында ашық сабағын жоспарлап, І курс 173 тобымен,  І курс топтары арасында «Олимпиадалық турнир » 2 турдан тұратын олимпиада өткізді.


Оқытушы Л. Ж. Қылышбаева   «Мамандықты таңдау – ертеңді ойлау» атты Ақпараттық жүйелер стдуенттердің арасында сыныптан іс шара өткізіп І. Жансүгүров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің оқытушыларымен кездесу өткізіп  қызықты өткізіп, өз мақсатына жетті. 


Оқытушылар Ж.Ж.Джумабекова ІІ, ІІІ курс арасында «21 ғасыр көшбасшысы» тақырыбында  сайыс өткізіп өте тиімді деңгейде өткізді.


Оқытушы Г.С.Токенова «Кәсіптік оқыту: мәселелері мен шешу жолдары» атты дөгелек үстелді МКҚК «Талдықорған агро-техникалық колледжі», Алматы облысының кәсіпкерлер Палатасы, МКМ "Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы», Кәсіпорын басшылары мен өкілдері (колледждің серіктестері), ата-аналар қоғамдастығымен бірлесе отырып өткізді. Соңында қарар қабылдап, оқу процесінің барлық мүдделі тараптарының диалогында, кәсіптік білім беруді іске асыру мәселелерін анықтау және шешімдерді қабылдау туралы ұсыныс жасалып, меморнадумға қол қойылды.

 

 

ПЦК оқытушыларының жетіскігі

 

Токенова Г.С:

  1. КЕАҚ «Холдинг «Кәсіпқор» басқармасынан Алғыс хат, 2016 ж.
  2. Аймақтық, облыстық КҒА ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференциясында 3 курс студенті Өтегенов алғыс хатпен марапатталды, 2017 ж..
  3. Аймақаралық Worlskills, 2018 Веб дизайн құзыреттілігнде Құлжабеков Самат 2 орынға ие болып Ұлттық чемпионатқа жолдама алды.
  4. Облыстық әдістемелік кабинетінің алғыс хатымен мараппаталды, 2018 ж.


Омарова Г.Б.

  1. Аймақты, Республикалық КҒА ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференциясында 2 курс студенті Сүлеймен Аружан «Күн энергиясының экономикалық және экологиялық тиімділігі» жобасымен 1, 2 орынға ие болды, 2018 ж..
  2. «Алтын диск -2018» облыстық байқауында 3 орын иегері болды, 2017 ж.

 

Джумабекова Ж.Ж.

  1. Облыстық пән олимпиадасында студенті Карибаева Мадина 2 орын иегері болды, 2018 ж.