ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Кадр бөлімі

Кадрлар бөлімінің  инспекторы

Керемкулова Индира Абдулахатқызы

телефон. 31-83-87   Keremkulovaindira@mail.ru

 

Кадрлар бойынша бұйрықтардың уақтылы рәсімделуі мен орындалуын және кадрлар сұрағы бойынша колледж директоры үкімдерінің  орындалуын қадағалау.


Кадрларды таңдау бағыты бойынша ішкі құжаттарды және кадрлар саясаты бойынша негізгі бағыттарды жасауда ат салысады.


Кадрлар саясатын жақсарту мен қатар олардың  орынды және жемісті жұмыс атқаруына байланысты өз ұсыныстарын еңгізеді.


Кадрлардың қажеттілігін анықтау және болжау мақсатында жүргізілетін жұмыстарға қатысады.


Колледж қызметкерлерінің қызметке тағайындалуы, басқа қызметке ауысуы, жұмысқа қабылдануы мен шығарылуы, зейнетке шығу туралы құжаттардың рәсімделуіне қатысты жұмыстар атқарады.


Кезекті еңбек демалысы графигін құрап және қызметкерлерге демалыс уақтылы берілуін қадағалайды. 


Колледждегі кадрлар бойынша жылдық (2-НК, ҰБДҚ ) және басқа да статистикалық есептердің тапсырылуын орындау.   


Аттестациядан өтетін және білімін жетілдіру курсына қатысатын қызметкерлердің құжаттарын дайындау жұмысына қатысады.


Колледждің ішкі тәртібі мен жұмыстағы тәртібінің сақталуын бақылау.


Еңбек және қызмет тәртібінің жағдайын, кадрлар кетуінің себебін сараптайды.  


Нормативтік құжаттарды басшылыққа алу, жоғары органдардың бұйрықтары мен нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз ету мен бақылау.   


Жұмыста қолданылатын ақпараттың құпиясын қамтамасыз етеді.