ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Сырттай бөлім

Талдықорған агротехникалық  колледжі  сырттай  бөлімінде келесі мамандықтар бойынша мамандар даярланады:

-0518000  Есеп және аудит(салалар бойынша)

–1306000  Радиоэлектроника және байланыс(түрлері бойынша)

– 1509000  Экология және табиғатты қорғау қызметі

– 0516000  Қаржы(салалар бойынша).

 

-0518000  Есеп және аудит(салалар бойынша) мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту әдісін қолдану басталды.

Бөлімдегі  0518000 Есеп және аудит(салалар бойынша) мамандығы бойынша мамандар  1965 жылдан,  0516000 Қаржы(салалар бойынша)мамандығы

бойынша мамандар 2002 жылдан, 1306000 Радиоэлектроника

және байланыс(түрлері бойынша) мамандығы бойынша мамандар 2011  жылдан, 1509000  Экология және табиғатты қорғау қызметі мамандығы бойынша мамандар 2012 жылдан даярланады.

Бүгінгі таңда сырттай бөлімде 130 студент дәріс алуда.

Әрбір оқу жылында 70ке таяу студент өмірге жолдама дипломдарын алады.Осы уақыт аралығында 2000 маман бухгалтер,200 студент қаржы,95 студент техник-радиотехник, 51 студент табиғат аумағын ерекше қорғау технигі біліктіліктері бойынша диплом алды.

Бөлімде даярланатын мамандар экономика,қаржы салаларында,  байланыс саласында, Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  қызметінде, орман шаруашылықтарында қызмет атқарады.

Студенттерге білікті де тәжірибелі оқытушылар дәріс береді,

оқу кабинеттері мен лабораториялар заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыздандырылған.

Бөлімдегі ұстаздар қауымының басты мақсаты– бәсекеге қабілетті кәсіби білікті де білімді жеке тұлға тәрбиелеу.