ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Медициналық пункт

 

Колледж (медициналық медбикесі)

фельдшер: Жумабекова Айгуль Барлыковна

 Туган жылы: 24.07.1969

Білімі: Орта кәсіптік

Оқыған орны: Талдықорған медициналық учи лищесі

Мамандығы: Фельдшер

Колледж   медбикесінің  мақсаттары:

 «Салауатты өмір салтын насихаттау»

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық даму бағдарламасында “Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған,”-делінген.

 

Жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы-құрдас, серіктестері ықпал етеді.

  • Жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы-құрдас, серіктестері ықпал етеді.
  • Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез өзінің жағымсыз істеріне сылтау іздеп “тек бір рет” деген ережені басшылыққа алады. Өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын аяққа басады, содан кейін бәрі солай кете береді. Осыдан кейін жақсы болар деп үміттенеді. Осылайша бір рет дәрменсіздік көрсету, келесісін туғызады. Осылай ұнамсыз қылықтар қайталана беріп, ол жағымсыз дағдыға айналады.
  • Мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жүргізіңіз.

Темекі өсімдігі

  • Темекі өсімдігі алқа тұқымдастар класына жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австрия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің 3 түрі өседі. Ол бір жылдық өсімдік, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымдар. Темекі өсімдігінде улы алколоидтар бар. Темекі көшет арқылы өседі. Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептіріледі. Аздап кебе бастағанда жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды.

Адамдардың орташа өмір сүру деңгейі: ерлерде – 57 жыл, әйелдерде – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиялық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар және суицид болып отыр. Халықта мынадай дана сөз бар: “ Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның, Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның, Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның”

 

 

 

Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда.

 Олар келесі мақсаттарда көзделеді:

— Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын белсенді таратуға көмектесетін балалар мен жастардың ынталы бірлестіктерін, қоғамдық жастар ұйымдарын құру;

— Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;

— Балалар мен жастарды әлеуметтік-психологиялық сауықтыру бағдарламаларын жасау;

— Балалар мен жастардың, ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша салауатты өмір салты жексенбілік орталықтарын құру;

— Сауықтыру лагерлері мен балаларды еңбекпен уақытша қамтуда тәрбие жұмысын зерттеу бойынша мониторинг және бағалау жүргізу;

— Жастар арасында спорт түрлерін дәріптеу үшін спорттық-техникалық клубтар желісін ұлғайту.

Бүгінде мектеп дене тәрбиесі мамандары мен медицина қызметкерлері және мектеп әкімшілігі алдында тұрған көптеген мәселелердің ішінде оқушылардың өз денсаулығын сақтауға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру проблемасы айқын көрінуде. Өз денсаулығына деген ынталы  қатынасты қалыптастыру ең бірінші «денсаулық құндылықтары» феноменінің мәнін ашуға келіп тіреледі , себебі бұл өзінің мазмұны мен пайда болу жағынан көп қырлы күрделі ұғым болып табылады. Денсаулық құндылықтарының мазмұны деп біз мына компоненттердің кешенін айтамыз: (дене шынықтыру, интеллектуалдық, сезімдік, әлеуметтік, тұлғалық, рухани). Бұлар оқушылардың салауатты өмір сүруге деген қажеттілігі мен ынтасын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Қазірден бастап салауатты өмір салты нені қамтитынын білу үшін , оның негізгі талаптарын қысқаша қарап өтеміз:

- Дене жүктемелері, денешынықтыру және спорт. Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.

-Шынықтыру.  Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және  микроб, вирустармен жақсы күреседі.

-Жеке бас гигиенасы. Тазалық және мұнтаздылық – адам үшін өте маңызды . Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.

- Жұқпалы аурулардың алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасы да , шынығу да маңызды. Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу.

-Зиянды әдеттердің алдын алу. Оларға шылым тарту, алкагольді және есірткілерді пайдалану және дәрігердің кеңесінсіз түрлі дәрілерді қолдану жолдары жатады. Осы зиянды әрекеттердің кез келгені денсаулықты төмендетіп , өмірді қысқартады.

Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.

1.Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.

2.Дұрыс тамақтану.

3.Дұрыс тынығу.

4.Дене еңбегімен шұғылдануы.

5.Таза ауада болып, күн көзінде серуендеу.

6.П. Ивановтың кеңесі бойынша табиғат аясында болуы.

7.Зиянды әдеттерден сақтану.

8.Дұрыс қозғалыста болуы.

Біз мектебімізде оқушыларға денсаулық туралы үйрете отырып, жоғарыда айтылғандардың барлығын сабақ процесінде қолданамыз.

Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.

Біздің балаларымызда не бар? Дәрумендер жетіспеушілігі, күн тәртібінің сақталмауы, оқу жүктемелерінің үнемі өсуі, ал бұған қарама-қайшы балалардың қозғалыс белсенділігінің барынша азаюы, бос уақыттарының көбірек бейнефильмдер көруге, компьютер қарауға арналуы, ал ғаламтор арқылы қарым-қатынас құрбыларымен қалыпты адами қарым-қатынасты айырбастауы. Шылым шегу, сыра ішу, токсикомания және  наркомания жаппай сипат алуда. Психобелсенді заттарды пайдалану, оқушылардың әртүрлі секта қызметіне енуі өзекті мәселе болып отыр. Бұл факторлардың барлығы оқушылардың денсаулықтарына әсер етпей қоймайды, көптеген қауіпті ауруды тудырады, соның нәтижесінде оқушылардың білім мекемелерінде оқуына дайындалуына ықпалын тигізеді. Баланың психикасы, ой-өрісі жақсы дамыса да, бірақ суық тиіп жиі ауыратын болса, созылмалы ауруы болса, мектепте оқу оған қиынға түседі. Ал баланың ағзасы экологиялық өзгерістерді өте тез қабылдайды, бұдан тыныс алу жүйесінің аурулары, аллергиялар, иммунитеттің төмендеуі, зат алмасудың бұзылуы туындайды. Біздің заманауи мектептің өз міндеттері бар, оларды орындай отырып, денсаулық сақтау және нығайту жөнінде ұмытпаған дұрыс. Және әр педагог қызметкер бала денсаулығына зиянды әсерін тигізетін мектеп және оқушы өміріндегі факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы үшін жағдаяттың сәтті болу жолын қарастырып, өзгертіп отыруы керек.

Денсаулықты сақтау – денсаулық, сымбаттылық және сергектік-адам баласының ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты болғысы және жастыққа тән күш-қуатын сақтағысы келеді. Бұл жүйе жаратылыстану пәні арқылы жүзеге асады.

Денсаулықты қалыптастыру жүйесіне дене шынықтыру пәні жатады. Дене тәрбиесі сабағының міндеті – оқушылардың денсаулығын нығайту, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап спорт түрлерімен шұғылдану.

Жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесіне гуманитарлық сабақтар жатады. Бұл-баланың рухани ой-өрісін, қасиетін жан-жақты дамытуға бағытталған.

Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән  беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде  де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы – балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы, одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек.  Бала денсаулығын сақтау мектебіміздің негізгі принципі - әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте, өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады, дамиды. Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет.

Бұл мақсаттарды іске асыру үшін оқушылар ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып, әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсуге арналған бағдарлама жасауға болады.

1.Сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүргізу

2.Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.

3.Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды қатыстыру қажет.

Әр пән мұғалімі өз сабағында осы мәселелерді балаға терең жеткізіп отырса, онда нағыз жан-жақты дамыған болашақ жас ұрпақ тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз. Жас ұрпақтың спортты серік етіп, денсаулықтарын нығайта түсуі – бүгінгі күннің басты талабы