ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Директордың тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары

 

Директордың тәрбие-ісі

жөніндегі орынбасары:                                  Канапиев Жандос Жуманұлы


Туған  күні:                                                      10.01.1980ж


Білімі жоғары, Кыргыз ұлттық университеті: юриспруденция.

 

Байланыс телефондары: 8 (7282) 41-05-87

                                           8 707 473 15 33


Эл.адрес: JandоЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.                

 

 

Тәрбие заңдылықтары, мақсаттары, міндеттері, қағидалары

 

Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған,ой өрісі жоғары, жан дүниесі таза, ұлттық құндылықтар негізіне сай, кәсіби маман иесі және жеке тұлға тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына;
  • тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға;
  • балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
  1. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
  2. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  3. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
  4. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық  ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
  5. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
  6. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  7. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 

 ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

 

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 

  1. Ұйымдастыру шаралары және талдау –диагностикалау қызметі
  2. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  3. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу
  4. Зияткерлік тәрбиелеу
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие   
  6. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
  7. Отбасы тәрбиесі
  8. Ұлттық тәрбие
  9. Көпмәдиниетті және эстетикалық тәрбие

 

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.