ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Директордың тәжірбие ісі жөніндегі орынбасары

Директордың оқу-өндірістік

жұмысы жөніндегі орынбасры:      Байсова  Асель Жанатовна

 

Оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директорының орынбасары:


Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымында оқу-өндірістік, оқу, әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді. Өндіріс шеберлерінің кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыруды ұйымдастырады.


Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Әдістемелік бірлестіктердің және техникалық-кәсіптік цикл сабақтар мен пәндер бойынша әдістемелік бірлестігі мен әдістемелік комиссияның және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді. Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік шеберінің оқыту, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды. Оқу орнының қорытынды біліктілік емтихандарын ұйымдастырады және өткізеді.


Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін тәжірибеге енгізеді, таратады және зерделейді. Оқу-материалдық базаларды сақтау және толықтыру, есепті қамтамасыз ету бойынша жұмысты санитариялық-гигиена режимдерін, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады.