ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Ішкі тәртіп ережелері

1. Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже 27. шілдедегі 2007 жылғы Қ.Р. «Білім» заңы, 2002 жылғы 08 тамыздағы «Қ.Р. балаларды қорғау» заңы, «Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының заңы, колледж жарығысына сай құрастырлды.Осы ереже колледжде білім алушылар қызметтерінің ішкі тәртіптерін анықтайтын негізгі нормативті акт болып табылады.


1.2. Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік ұсынысы бойынша Колледждің білім алушылары өкілінің қатысуымен педагогикалық Кеңесте қолданылады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

 

Оқу тәрбие жұмысының процесі


2.1. Білім алушылар (Колледжге директор бұйрығымен оқуға түскендер) оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;


2.2. Ішкі тәртіп Ережелерін қолдануға қатысты мәселелерді Колледж әкімшілігі өзіне берілген құқықтар шегінде, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында немесе Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген жағдайда – колледждің білім алушылардың «Жас ұрпақ» ұйымымен келісе отырып бірігіп шешеді.


2.3. Колледж әкімшілігі мен оқытушылар және оқу өндіріс шеберлері білім алушыларға, олардың ата-аналарымен таныстыруға міндетті.   


2.4. Колледждің қарым-қатынасы мынандай принциптермен жүзеге асады.

-  Іскерлік сөз мәдениетіне      

-  Өзара силастық

-  Толерантлық   


2.5. Оқу сабақтары мен дәрістер өту үшін, топтар жасақталады және ол топтар құрамында 25-30 білім алушыдан болады.   


2.6. Колледжде мынандай сабақ түрлері ұйымдастырлып өтеді: Аралас сабақ, лекция, семинар, практикалық, лабораториялық, қорытынды, өзіндік жұмыстар, практика, оқу өндірістік, курстық, дипломдық және жобалау сабақтары.  


2.7. Теориялық оқу сбақтары, оқу өндірістік сабақтары сағат: 8.30 . басталып, сағат: 16.20. аяқталады.  


2.8.  Барлық аудиториялық сабақтар үшін сабақ уақытысы білім заңының 2013 жылғы №499 бұйрық бойынша 45 минуттан және пар үрдісінде жүргізіледі. Білім алушылар үшін 2 пардан кейін демалу мен үшін 1сағат 10 минут уақыт қарастырлған.


2.9.  Білім заңының №125 бұйрығы бойынша колледжде бақылау түрі мынандай:

- Оқуға түскен студенттерден қазан айында директорлық бақылау

- Екі айлық ағымдық бақылау

- Семестрлік сынақ, аралық аттестация, қорытынды аттестациялар (емтихандар)


2.10. Студент білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға және орнатылған көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын тұлғаларға арналған);


2.11. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға, қарыздарды уақытылы жоюға;


2.12. Колледж директорымен бекітілген осы ережеде қарастырылатын ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;


2.13. Колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, студенттер пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;


2.14. Студенттер өз еркімен және басқа оқу орына ауысқан уақытта, үлгермеген уақытта ( сынақ, емтихан), денсаулығына байланысты дәрігерлік анықтама негізінде, қоқан-лоқы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін студенттер колледждің студент қатарынан шығарылады;


2.15. Колледждің оқу бөлмелерінде, коридорларда және оқу базаларында толық офистік формаларда колледж әкімшілігімен бекітілген нұсқаулық бойынша - бейджигі бар офистік формада жүру керек, өзімен әрдайым студенттік билеті болуы керек;


Дене тәрбиесінің сабақтарында әкімшілікпен бекітілген спорт киімдерімен жүру керек;


А.Ә.Д. камуфляж болу керек;


2.16. аудиторияларға кірген оқытушылар мен әкімшілік өкілдерін орындарынан тұрып қарсы алуға;


2.17. сабақ барысында оқытушының айтқаны мен оқушылардың жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, басқа заттармен шұғылданбауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға, сұрақтарды қою немесе оларға жауап беру кезінде оқытушының рұқсатымен орындарынан тұрып отыруға, аудиториялардан сабақ барысында шығып немесе кіру оқытушының рұқсаты арқылы ғана жүзеге асырылады;


2.18. ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ старостасын, топ жетекшісін немесе бөлім меңгерушісіне хабарласуға. Егер студент сабаққа қатыспағаны жайлы бөлім меңгерушісін, топ жетекшісін және топ старостасын ескертпесе ол себепсіз қалған деп есептеледі.


2.19. сабақтан және аудиториядан тыс іс-шаралар басырысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, құлақшын тығып және сағыз шайнауға, ұялы телефондарды және басқа да жеке техникаларды Колледждің электр желілерінде зарядтауға;


2.20. жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерлерде және оларды ұзын етіп тағуға;


2.21. колледждің локальдық желілерінде және интернет желілерінде зиянды бағдарламалық қамтамассыздықты таратуға;


2.22. қабырғаларға, аудитория үстелдеріне және басқа да орындарда қандайда бір жазу материалдарын жабыстыруға;


2.23. қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани сипаттағы іс-шараларды өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын насихаттаға;


2.24. оқу аудиториясына сырт киімдерімен кіруге болмайды (пәлте, куртеше, плащ, бас киімдер және т.б.);

 

2.25. сабақ барысында тамақ және сусын ішуге;


2.26. сабаққа алкагольды есірткі және уланған мас күйінде келген студентті кіргізбейді;


2.27. өндірістік жарақаттанушылықты алдын алу бойынша қажетті шаралар қолданады, студенттердің қауіппсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың барлық талаптарын біліп және сақтауын бақылайды;


2.28. Барлық шаруаларды ішкі тәртіп арқылы ұжым болып шешу керек.


2.29. Профсоюз комитеті мекеме ішіндегі инжнер-педагогтардың кезекшілік кестесін жасайды. Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымын басқарып отырған оқытушы студенттердің кезекшілік кестесін куратордың басшылығымен жасайды.

 

Кезекші оқытушының міндеті:

Кезекші  міндеті сағ: 8.00 басталады 23.00  аяқталады.


Кезекші өз кезекшілігінде колледжді бір тексеріп өтеді, сынған заттарды тіркеу дәптерлеріне жазып кезекші әкімшілікке хабарлау тиіс.


Сабақ арасындағы қоңыраудың соғылуын қадағалау;


Кешіккен оқытушылар мен студенттерді тіркеуге міндетті.


Өз уақытысында өткізілмеген және бітпеген сабақтарды тіреуге міндетті.


Кезекшілік уақытысында колледж тәртібіне жауапты.


Кезекші білім алушы, кезекші әкімшілікке, кезекші оқытушыға бағыну қажет. Кешігіп келген білім алушыларды тіркейді. Білім алушыларды түгендеу табелі немесе парақшасын (рапортичка) ең соңғы сабақта өткізуге міндетті.