ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Студенттедің өзін-өзі басқару комитеті

Студенттік кеңестің ережелері

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Колледждің студенттік кеңесі-студенттердің қызығушылықтары, оқу –тәрбие жұмыстары жайында туатын сұрақтармен айналысатын, студенттердің өкілдері.


Студенттік кеңес – колледждегі оқу тәрбиелік  процестерді басқарудың жалпы жүйесі болып табылады және студенттердің қоғамдық пікірлерін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеу негізінде есепке алады.


1.2.
 Студентік кеңес туралы ережелер студенттік кеңес жиналысында талқыланып, жасалған және айтылған ескертулер мен ұсыныстарды есепке ала отырып, студенттік кеңестің ашық жалпы отырысында қабылданады. 


1.3.
 Студенттік кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясы, ҚР Азаматтық туралы  кодексі», ҚР  Жастарының мемлекеттік саясаты туралы»  ҚР  Заңы және Ереже бойынша жүзеге асырады.

 

  1. Студенттік кеңестің мақсаты мен міндеттері

2.1.Студенттік кеңестің басты мақсаты– колледж әкімшілігімен студенттер арасындағы  қарым– қатынастарды тереңдету, студенттердің бос уақытын, оқу үрдісін және тұрмыстық жағдайын жақсарту.


2.2.
 Студенттік Кеңестің негізгі міндеттері:


- Студенттік кеңестің қызметі бойынша жоспарларды, бағдарламаларды, ережелерді, концепцияларды және басқа да жоспарлық құжаттарды  өңдеу және орындау;


- мемлекет жүргізетін демократиялық реформаларды студенттерге насихаттау, түсіндіруге көмектесу;


- мемлекеттің жастарға қатысты жұмыстарына және Студенттерге қатысты ҚР Үкіметі бекіткен заңдарды іске асыруға қатысу және көмектесу;


- әрбір студенттің жеке өнімді жұмыс  және ғылыми еңбек ұйымдастыруға, жан-жақты дамуына көмек көрсету;


- студенттерде оқуға деген жауапкершілікті арттыру, қоғамдық  жұмысқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру;


- студенттерді заңға деген құрметке, тәрбиелік нормаларға және студенттер  үйінің ережелеріне бағынуға тәрбиелеу;


- студенттерде патриоттық сезімдерді, студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;


- студенттерді салауатты өмір салтына және азаматтық тәрбиеге баулу, интеллектуалдық потенциалын дамыту және тереңдету


- әлеуметтік әділеттік сезімін, дұрыс адамгершілік - психологиялық климатты қалыптастыруға жоғары қажеттілік таныту;


- кең жариялау және адамгершілік - гуманистік принциптерінің негізінде заң бұзушылыққа, маскунемдікке және басқа да қоғамдық тәртіпке қарсы тұруға тәрбиелеу;


- колледж әкімшілігіне оқу және тәрбие процестеріне пайдасын тигізетін іс-шаралар өткізуге көмек көрсету.

 

  1. Студенттік кеңестіңқұрылымы

3.1. Күндізгі оқу формасында оқитын кез-келген студент Студенттік кеңес мүшесі бола алады. Колледждің Студенттік кеңестің төрағасы жыл сайын ұсынылған кандидаттардан, Студенттік кеңес мүшелерінің жиналысында дауыс беру арқылы таңдалады. Студенттік Кеңестің мүшелерінің санын оқу орнының әкімшілігі шешеді.


3.2.
 Студенттік Кеңестің құрамына кіреді: Жалпы жиналыста таңдалған Студенттік Кеңес төрағасы, хатшы, комитет басшылары,  студенттер. Қажет жағдайда Студенттік кеңес құрамына өзгерістер енгізеді.


3.3.
 Студенттік кеңес жиналыстары айына бір рет өткізіледі.


3.4.
 Комитеттің үлгі бөлімдері

  • Мәдени-тәрбиелік бөлімі;
  • СӨС бөлімі;
  • Сыртқы істер бөлімі;
  • Ақпарат бөлімі;
  • Білім бөлімі.


3.5.
 Студенттік кеңестің төрағасы:


- Студенттік Кеңесті басқарады, негізгі бағыт беріп отырады


- Студенттік Кеңестің приоритеттік бағыттарын анықтайды


- Студенттік Кеңестің барлық құжаттарына бірінші қол қоя алады


- Студенттік Кеңестің алға қойған мақсаттарына жетуі үшін қаржылық-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастырады


- Студенттік Кеңестің жұмысын басқарады, жүктелген жұмыстарға жауапкершілік арттылады;


- оқу жылының соңында Студенттік Кеңестің жұмысы туралы жылдық есеп береді


- Студенттік кеңестің жиналыстарын өткізеді


- жұмыстың уақыт тәртібін бекітеді

 

- Студенттік кеңес марапаттайды және ескертулер жасайды


- Студенттік Кеңестің жалпы жиналысында қаралған шешімдерді жүзеге асырады

 

3.6.   Мәдени-тәрбиелік Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:

  • Колледжішілік іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Концерттік бағдарламалар, байқаулар ұйымдастыру;
  • Волонтерлар тобынның жұмысын белсендіру;
  • Аудандық, облыстық, халықаралық және республикалық конкурстарға қатысатын студенттерге көмек көрсету (жанкүйерлер, ақпарат және т.б.).

 

Салауатты өмір салтын насихаттау Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:

  • Студенттерді салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында әр түрлі акциялар мен конкурстар өткізу;
  • Спорттық шаралар ұйымдастыру;
  • Халықаралық және республикалық спорт конкурстарына қатысатын студенттерге көмек көрсету (жанкүйерлер, ақпарат және т.б.).
  • Студенттердің спорттық жетістіктерінен хабардар болу;
  • Колледжде салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде ұсыныстар енгізу.

 

Сыртқы істер Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:

  • Облыстық және қалалық ұйымдармен байланыс орнату бағытында жұмыс жасау;
  • Өзін өзі басқару органдарының басқа колледждердегі ұйымдарымен байланысты нығайту;
  • Облыстық және қалалық, республикалық деңгейдегі шараларды ұйымдастыру;
  • Колледж шараларында хаттама мен бағдарламаның орындалуын қадағалау.

 

Ақпараттық Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:

  • Колледжтегі БАҚ-ты (газет, радио және web-сайт) студенттердің өзін-өзі басқару құрылымының жұмыстары туралы мәліметтермен үнемі қамтамасыз ету;
  • Аталмыш құрылым туралы БАҚ-та жарияланған деректерді жинап отыру;
  • Жергілікті және республикалық БАҚ-ты колледж студенттерінің жетістіктері мен жаңалықтары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету;
  • Жас журналистер мен қаламгерлердің шығармашылығының БАҚ-та жариялануына ықпал ету;
  • Колледжте қабырға газеттерін жасап отыру;
  • Колледж сайты мен студенттерге арналған әлеуметтік желісін алға тарту;
  • Жас журналистер мен қаламгерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру бағытындағы түрлі іс-шаралар өткізіп отыру.

 

Білім Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:

  • Колледж қабырғасында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруды жетілдiру және олардың бәсекеге қабiлеттілігін арттыру;
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және қатысу;
  • Аудандық және қалалық, республикалық студенттердің ғылыми конференцияларын, симпозиумдары мен жиналыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысу;
  • Студенттерды ғылыми жаңалықтардан хабардар етіп отыру;
  • Аудандық және қалалық, республикалық конкурстарға қатысу, жобаларды жүзеге асыру.

 

 Топ Старостасы

 

Староста – Комитет шешімдері мен тапсырмаларын топ деңгейінде жүзеге асырады.

Староста осы Ереже мен Комитет шешімдерін өзінің қызметіне Төрағалыққа алады.

Староста топ студенттерінің арасында сайланады.

Староста Төрағасы және Бөлімбасылар алдында жоспарға сай есеп береді.

 

Старостаның атқаратын міндеттері мен функциялары:

  • Староста өзінің жұмысын жүзеге асыруда жауапты болады;
  • Топтың ішкі тәртібі мен осы Ереженің қолданылуын қамтамасыз ету;
  • Комитетті оқу және әлеуметтік-тәрбие аумағында туындаған мәселелермен хабардар ету;
  • Комитеттің тәртібі мен заңдарының сақталуына жауап береді;
  • Белгіленген тәртіп бойынша топстуденттеріне байланысты жиналыстар мен кеңестерге қатысу;
  • Басқа топтың Старосталарымен біріге отырып студенттер мәселелері  жайлы жоспарлар құру;
  • Белсенді студенттерды марапаттауға ұсыну.

 

3.7. Студенттік Кеңестің төрағасы комитет басшыларын мынандай жағдайларда босата алады:

1) жоспарды уақытылы орындамаған жағдайда

2) құжаттар жоғалғанда

3) ереже бойынша берілген міндеттерді орындамаған жағдайда.

 

  1. Студенттік кеңестің іс-жүргізу жұмысы

4.1.Студенттік кеңес оларға берілген іс-жүргізу жоспары бойынша жұмыс жүргізеді


4.2.
Студентті кеңестің жұмысы бойынша хаттама жазылады.

 

  1. Студенттік кеңестің жауапкершіліктері

5.1. Студенттік Кеңес өзін-өзі басқару шектерінде мынандай жауапкершілікті өздеріне алады:


- студенттерді оқу және еңбек жүйесін ұйымдастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын-алуға, қоғамдық және тәртіптік шараларды уақытылы қолдануға


- студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, Студенттік кеңестің  әрбір мүшесінің тұлға болып қалыптасуына


- колледждің маңызды сұрақтарына студенттердің қоғамдық ойын есепке алу және жүйелендіру, студенттердің осы мәселелерді талқылау, қабылдау және іске асыру  үшін жағдай жасау


5.2.
 Сонымен қатар Студенттік кеңес студенттердің құқықтарын іске асыруда беріктілік, көрегенділік және білушілікті қамтамысыз етуді де өз міндетіне алады.

 

Колледж Студенттік кеңес  мүшелері

Рахметуллина Галия – Студенттік кеңес төрәйымы


Абибеков Думан - Студенттік кеңес төрәйымының көмекшісі


Бақберген Ислам - Мәдени-тәрбиелік бөлімінің басшысы


Болат Ислам – Сыртқы істер бөлімінің басшысы


Сайлау Гульмира- салауатты өмір салтын насихаттау бөлімінің басшысы


Чайк Санжар - Ақпараттық бөлімінің басшысы


Акимбекова Арайлым – Білім бөлімінің басшысы.