ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Қабылдау ережесі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Талдықорған агро-техникалық колледжі

 

«Келісілді»

Алматы облысының

білім беру басқармасының

басшысы

_________________

Жүнісов.Д.Х

__________2018г.

«Бекітемін»

Колледж директоры:

 

____________________

Абыканова.С.К

__________2018г.

 

Колледжге 2018 жылы оқуға қабылдау ережесі

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 19 каңтар № 130 қаулысымен бекітілген)

 

І. Жалпы ережелер

1.Талдықорған агро-техникалық колледжі 2017-2018 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс және ақылы – келісім шарт бойынша орта мектептің негізгі (9 сынып ) және жоғарғы сатысы ( 11 сынып) негізінде күндізгі бөлімге келесі мамандықтар бойынша:

1513000 – Ветеринария;

1509000 –Экология және табиғатты қорғау қызметі(түрлері бойынша);

0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша);

0516000 – Қаржы (салалар бойынша);

1305000 – Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша);

1306000 – Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша);

1224000 – Сүт өнімдерінің өндірісі;

1225000 – Ет және ет өнімдерінің өндірісі;

1219000 – Нан пісіру,макарон және кондитерлік өндірісі;

1304000--Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру(түрлері бойынша)

 

келесі жұмысшы мамандықтар бойынша:

1513032-Ветеринарлық санитар

1513053-Ветеринарлық фельдшер

1513022-Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы

1224052-Қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау шебері

1224062-Сүт өнімдері өндірісіндегі автоматты желілер операторы

1219132-Наубайшы-шебер

1219142-Наубайшы

1219092-Кондитер

1305011-Дизайнер

1306012-Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер

Сырттай бөлімге келесі мамандықтар бойынша;

0516000 – Қаржы (салалар бойынша);

0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша);

0509000 – Экология және табиғатты қорғау қызметі ;

1309000 – Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша);

мамандықтары бойынша білім алушыларды қабылдайды.

2.Талдықорған  агро – техникалық колледжіне білімі  негізгі орта (жалпы негізгі ),жалпы орта (орта жалпы),техникалық және кәсіптік  (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғарғы (кәсіптік жоғары) білімі туралы құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар  қабылданады.

  1. Колледжге оқуға түсу кезінде Заңның 26 бабының 8 тармағына с»йкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді. Олар:
  2. І, ІІ топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалары арасынан шыққан азаматтар;
  3. жеңілдіктері мен кемшіліктері бойынша Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
  4. ауылдың (селоның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері бар мамандықтарға ауыл, село) жастары арасынан шыққан азаматтар ;
  5. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар;
  6. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар құрамына қабылдау кезінде Заңның 26 бабының 8 тармағымен  айқындалған тұлғалар басым құқыққа ие.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

ІІ. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру мен түсу  емтихандарын өткізу

  1. Талдықорған агро-техникалық колледжінде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледж директорымен бекітілген бұйрық негізінде қабылдау комиссиясы құрылды. Қабылдау комиссиясы жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды.
  2. Күндізгі бөлімге оқуға түсушілерден өтініш 20-шы маусымнан 25-ші тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне өтініш 20-шы маусымнан 20-шы қыркүйекке дейін қабылданады.
  3. Оқуға түсушілер білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса келесі құжаттарды тапсыруы керек:
  4. Білім туралы құжаты (түпнұсқасы)
  5. 086-у нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен( I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық әлеуметтік сараптаманың қорытындысы)
  6. 3*4 көлемдегі 4 сурет
  7. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі туралы сертификаты (ҰБТ-ге қатысқандар үшін) немесе тестілеу сертификаты.

  Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

  Шетелдіктер және  азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

  1. шетелдік- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
  2. азаматтығы жоқ тұлға-азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  3. босқын-босқынның куәлігі;
  4. пана іздеуші тұлға-пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  5. оралман-оралман куәлігі;

  Колледжге оқуға түсетін қабылдау квотасы қарастырылған тұлғалар квота белгіленген санатты растайтын құжаттарды ұсынады.

  1. ҰБТ-ға қатыспаған ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер, өткен жылдар түлектері колледжде қабылдау емтихандарын тапсыра алады.

   Қабылдау емтиханы азаматтарға кешенді емтихан түрінде жүргізіледі.

   Колледжге түсетіндер қабылдау емтихандарын қазақ және орыс тілдерінде тапсыра алады:

   Емтихан барлық мамандықтарға 15-25 шілде, 20-25 тамыз аралығында жүргізіледі.

   Негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер (9 сынып) келесі екі пәннен:

  1. Қазақ тілі немесе орыс тілінен;
  2. Мамандық бейіні бойынша пәннен негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде тестілеу тәсілі бойынша емтихан тапсырады.

   Жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер (11 сынып) келесі 3 пәннен:

  1. Қазақ немесе орыс тілінен;
  2. Қазақстан тарихынан;
  3. Мамандық бейіні бойынша пәннен жалпы орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде кешенді тестілеу тәсілі бойынша емтихан тапсырады.

 

КОД

Мамандық атауы

Мамандық бейіні

бойынша пән

9 сынып

11 сынып

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша);

Математика

Математика

0516000

Қаржы (салалар бойынша);

Математика

Математика

1513000

Ветеринария;

Биология

Биология

1509000

Экология және табиғатты қорғау негізі;

Математика

Химия

1224000

Сүт өнімдерінің өндірісі;

Химия

Химия

1225000

Ет және ет өнімдерінің өндірісі;

Химия

Химия

1219000

Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі;

Химия

Химия

1305000

Ақпараттық жүйелер (қолдану аясы бойынша);

Математика

Математика

1306000

Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша);

Математика

Физика

1304000

Есептеу техникасы және бағдар.қамтам.

(түрлері бойынша)

Математика

Математика

 

Мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;


Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.


Келісімшарт негізінде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.

  1. Емтиханды тестілеу нысанында жүргізген кезде:

Әр пән бойынша тест сұрақтарының саны «25». Әрбір тест тапсырмаларының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады. Тестілеу үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут бөлінеді;


Пәндер бойынша жүргізілген емтиханның қорытындысы бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша ауыстырады: «3» - 8 балл; «4» - 17 балл; «5» - 25 балл.


Тестілеуге себепсіз келмеген талапкерлерге  тестілеуге кіруге және қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.


Дұрыс жауаптардың коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді, тестілеу нәтижесі өткізілген күні жарияланады.

  1. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер бойынша емтихандар кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссияның құрамын оқу орнының басшысы бекітеді,апелляциялық комиссия оның төрағасын қоса алғанда  мүшелердің тақ санынан тұрады.


Аппеляциялық комиссияның шешімі егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы.Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылатын хаттармен рәсімделеді.


Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға өтініш бере алады.


Апелляцияға өтініш апеллляциялық комиссияға тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.


ІІІ. Студенттер құрамына қабылдау


11. Колледжге білім алуға азаматтарды  қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша  жүзеге асырылады:


Конкурс:
ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде, кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде, колледж жүргізген кешенді тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері  бойынша алынған балдар негізінде жүргізіледі.

  1. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:


1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем,экономикалық мамандықтарға 25 баллдан кем;


2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем,экономикалық мамандықтарға 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.


Білім алушылар құрамына қабылдау:


1)күндізгі оқу нысанына-25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;


2)сырттай нысанына-15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.


Колледжге қабылдауды қабылдау комиссиясы мамандықтар бойынша ашық отырыстарда жүргізеді.

 

Қабылдау комиссиясы