ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Басқа аудандардан келген студенттерді орналастыру

Қаладан тыс орналасқан ауылды мекендерден келген  колледж студенттері Талдықорғанда орналасқан бес қабатты жатақхана ғимаратында тұруға мүмкіндік алады. Жатақханада   тұру үшін студенттерге барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Әрбір қабатта газ плиталары, микротолқынды пештер, екі бөлмелі тоңазытқыштар орнатылған демалыс бөлмелері бар. Кір жуғыш машиналар, кептіргіштер, үтіктеу тақталары және үтіктеу құралдары бар кір жуатын орын бар. Демалыс бөлмелеріндегі әр қабатта студенттер теледидардан жаңалықтар мен білім беру бағдарламаларын көре алады. Үшінші қабатта сабаққа дайындалу үшін қажетті әдебиеттермен жабдықталған оқу залы бар, онда интернетке қосылған компьютерлер орнатылған, сабаққа дайындалу  бөлмесі бар, демалыс бөлмелері , тренажер залы.

 

 

 

 

 

 

    

Колледж жатақханасы                                                             Жатақхана демалыс орны

 

    

 

Жатақхана бөлмелері

 

 

    

Жатақханадағы оқу залы                                                             Жатақханадағы тренажор залы

 

 

Жатақханада  кіру  пропуск режимі арқылы жүргізіледі, қауіпсіздікті және бақылауды қамтамасыз ету үшін әрбір қабатта қауіпсіздік камералары орнатылады. Жоғары жылдамдықта интернет бар . Жақсы физикалық пішінді сақтау үшін футбол алаңы, тренажерлық зал бар.

Тұру үшін ай сайынғы төлем 3000 теңге, жетім және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін тұрады