ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

"Ынтымағы жарасқан туған өлкем -Қазақстан!"

273 және 331 топтар ұйымдастыруымен колледждің акт залында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Ынтымағы жарасқан туған өлкем -Қазақстан!" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.