ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Кәсіби тәжірибе және өндірістік оқыту

Кәсіптік дайындықты ұйымдастыру өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибені қамтиды. Өндірістік оқыту колледждің оқу-өндірістік шеберханаларында, ветеринарлық клиникада, оқу-өндірістік цехтарда  тәжірибелі арнайы пәндер оқытушылары, оқу-өндірістік шеберлер жетекшілігімен өткізіледі.

Кәсіби тәжірибе ұйымдастыруда және өндірістік оқытуда басшылықка алынатын негізгі нормативтік құқықтық құжаттар:

1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Білім туралы заңы;

2. ҚР техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

3. Типтік оқу бағдарламалары;

4. Өндіріс орындарымен филиалдар ашуға келісім шарттар;

5. Тәжірибеден өтуге келісім шарттар;

6. Дуалды оқыту жүйесінің құжаттары;

7. «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қантардағы № 107 бұйрығы.

Әр мамандық 3-8 практикадан өту базасымен қамтылған, жалпы 2018-2019 оқу жылында – 30, 2019- 2020 оқу жылында – 36, 2020-2021 оқу жылында – 38 кәсіпорындармен практикадан өтуге келісім шарттар бар.

Өндірісте, мекемелерде өтетін барлық кәсіби практика түрлері үш жақты келісім-шарттар  жасалу негізінде жүзеге асырылады. Практикадан өту кезінде оқушы өзінің жеке жұмыс орнына бекітіліп, өндірістегі тәлімгері тағайындалады. 

Өндіріс практика оқушының теориялық оқыту кезіндегі алған білімін, практикалық дағдыларды бекітуге және өндірістегі озық технологияларды игеруге бағытталған. Оқу практикалары мамандықтар ерекшелігіне қарай колледждін оқу шеберханалары мен зертханалары, ветеринарлық клиника, «Кондитер өнімдерін өндіру», «Нан өнімдерін өндіру», «Сүт өнімдерін өндіру» оқу-өндірістік цехтарында өткізіледі.

Колледжде өндірістік оқыту кезінде жұмысшы мамандықтар алу мүмкіншіліктері қарастырылған.

 Олар:

-151302 2 «Ветеринарлық санитар»;

-151302 2 «Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы»;

-121909 2 «Кондитер;

-122406 2 «Сүт өнімдері өндірісіндегі автоматты желілер операторы»;

-122405 2  «Қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау  шебері»

-130501 1 «Дизайнер»;

-130601 2 «Телекомуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер» 

 

 Мамандықтар бойынша тәжірибе базалары

Мамандық

Тәжірибенің түрі

Тәжірибе базасының атауы

1

1513000 «Ветеринария»

Жұмысшы мамандығын алу, өндірістік технологиялық тәжірибе

"Алаколь-Агро" ЖШС, "Тастобе Агро Фуд" ЖШС, "Шаңырақ" ЖШС, "Каримов" ЖК,"Бірлік" ШҚ, "Копа" ЖШС, "Сабырбек" ЖК, "Жумабек" ШҚ, "Болашак" ШҚ, "Ахметов Куанышбай" ШҚ, "Мырзахан" ШҚ, "Слямов" ШҚ, "Жанаш" ШҚ

2

1214000 «Сүт өнімдерінің  өндірісі» 

Технологиялық, диплом алдындағы тәжірибе

"GSK Laktis ltd" ЖШС, "Уштобе-Айдын" ЖШС, "GLC Сүт" ЖШС, "Ак-булак Продукт" ЖШС, СПК "Ляззат-2016"

3

 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитер өнімдері өндірісі»

Технологиялық, диплом алдындағы тәжірибе

"Беккер и К" ЖШС, "Мерзликина" ЖК, "YUM-YUM" - ЖК "Стабаева Баян", "Алимбаева" ЖК, "Фортуна Фудс" ЖК,"Сорокина" ЖК, "Салимбаева" ЖК

4

1305000 «Ақпараттық жүйелер»

Жұмысшы мамандығын алу, өндірістік технологиялық және диплом алды тәжірибе

"Жетысу жарнама" ЖШС, "Индиго" ЖШС, "Талдыкоргангороформление" ЖШС "АРТ Тим Дизайн", "Жетісу телеарнасы" ЖШС

5

 0518000 «Есеп және аудит»

Диплом алдындағы тәжірибе

"Казпочта" АҚ Алматы облыстық филиалы, "Фирма Дана" ЖШС, "Komirsnab" ЖШС

6

1306000 «Радиоэлектроника және байланыс»

Технологиялық, диплом алдындағы тәжірибе

ИП "Амир Communication", ИП "KazNet", АҚ АОФ "Казпошта", "Қайнар-АҚБ" ЖШС,  ТОО "Сигнал- РРN", "Айлин-Радио ИК" ЖШС, "Сигнал РРМ" ЖШС, ЖШС "ТАТЭК", "Эвбика" ЖШС

7

1509000 «Экология және табиғатты қорғау   қызметі »

Технологиялық, диплом алдындағы тәжірибе

"Талдықорған орман шаруашылығы КММ", "Алакөл орман шаруашылығы МҰТП", "Үштөбе орман шаруашылығы КММ", "Алтын-емел МҰТП"

 

2014 жылғы тамыз айынан бастап колледжіміздің «Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер дуалды оқыту жүйесі бойынша эксперименттік алаңға кірігіп, жұмыс  бастады.  Қазіргі таңда «Ветеринария» мамандығында 107 студент, «Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығында 70 студент, «Ақпараттық жүйелер» мамандығында 23 студент, «Нан пісіру, макарон және кондитер өнімдерінің өндірісі»мамандығы бойынша 75 студент дуалды оқыту жүйесіне қамтылған.

«Ветеринария» , «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Нан пісіру, макарон және кондитер өнімдерінің өндірісі»мамандықтарықтары бойынша төмендегідей жұмыс берушілер арасындағы келісім шарттар жасалған:  «JCL Сүт» ЖШС, «GSK Lactis ltd» ЖШС,  "Уштобе-Айдын" ЖШС, "Аркабаев" ЖК, «Алаколь-Агро» ЖШС,  «Шанырак» ЖШС,   "Тастобе Агро-Фуд" ЖШС,  "Копа"ШҚ,  "Сабырбек"ЖК, «Асем-Ару» ШҚ,  "Беккер и К"ЖШС,  "«YUM-YUM» - ЖК «Стабаева Баян», "Алимбекова"ЖК, "Фортуна Фуд-Хакимова"ЖК, "Салимбаева"ЖК.

Дуалдық оқытудың негізгі артықшылығы, ең алдымен оқушы өндірістегі қарым қатынасқа колледж іргесінде үйренеді, өндірістегі дайын өнімді шығаруға қатысады. Күні бүгін төрт мамандық бойынша 275 оқушы дуалды оқыту жүйесінің моделімен оқытылуда.

Барлық тәжірибе түрлерінен өту барысында студенттерге   кәсіпорындар  оқулық жұмыс орнын бөліп береді, тәжірибелік машықтануға қажетті құралдарды пайдалануға рұқсат етеді, қажетті материалдармен қамтамасыз етеді, қорғаныс және арнайы киімдерді бөліп береді, кәсіпорын тарапынан жетекші тағайындау арқылы тәжірибе алу техникасына үйретеді, өндіріс үрдісіне қатысатын құрал-жабдықтар арнайы мамандармен, шикізат және бас қа шығын түрлерімен танып-білуге толық мүмкіндік береді, нәтижесінде болашақ жас мамандарға кәсіби дағды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады . 

Аталған мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттер жұмысшы мамандығы  кәсіптік тәжірибесін өту барысында теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіпорындарда тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар болашақта жұмыспен қамтылуға мүмкіндік алады. Атап айтар болсақ,

«Нан пісіру, макарон және кондитер өнімдерінің өндірісі»  мамандығы бойынша:

- «Фортуна Фуд» - «Хакимова ЖШС-де Нанакина Э.И., Исайкина Э.В.

- "Беккер и К"ЖШС-де Мажитов М.О.,

- «Мерзликина» ЖШС-де Мырзаханова А.М., Хабибулина А.Р., Кучеренко А.О., Маркова В.А.

- «YUM-YUM» - «Стабаева Баян» ЖК-де Макагон Э.И., Жолдыбаева Д.Б.

- «Салимбаева»ЖК-де Ряннель К.В., Сурикова А.А. Лапта Н.А.,Яушева Р.Н.

- «Алимбекова»ЖК-де Полетаева А.Е.

«Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша:

- «Уштобе-Айдын»  ЖШС-де Харченко Я.К., Каденова Г.К., Темірғали А.Қ.

- «Ляззат—2016»ЖШС-де Балтабек Д.Б., Айтупов М.С.

«Ветеринария» мамандығы бойынша:

- «Тастобе Агро-Фуд» ЖШС-де Тлеужан С.Т.,Мукашев А.Н.,Сәулет Ш., Қабланбеков М.Қ.

- «Каримов» ЖК-де Шарипова М. А.,Тоқтарәлі Қ.,Ердәулет С.