ТАЛДЫҚОРҒАН АГРО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
0

 

Күшіміз бірлікте!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің қалыпты және бейбіт өмірге тезірек оралуы үшін бар жағдайды жасап жатыр. Осы бағыттағы президентіміз тарапынан қабылданған әр шешім мен атқарылып отырған іс-шараларды толықтай қолдаймыз.

Талдықорған агро-техникалық колледжі әрбір елін сүйген азаматтардан ел басына қиын күн туған шақта арандатуға ермеуге, сабыр сақтап, ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алуға және ресми мәліметтерге ғана құлақ асуға шақырады.

Талдықорған агро-техникалық колледжі ұжымы Отан алдыңдағы міндетін өтеу барысында қаза болған жауынгерлердің отбасына, жақындарына, туған-туыстарына қайғыра отырып көңіл айтады. Біз Сіздермен біргеміз!